Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бет-жүзі қанға боялған сириялық қыздың видеосы бүкіл әлемді тебірентті (видео)

Әуе соққылары кезінде жүзі қанға боялған кішкентай сириялық қыздың бейнесі адамдардың аяушылығын туғызды.

акак

telegraph.co.uk агенттігінің хабарлауынша бейнематериал Телль-Бисадағы ауруханада түсірілген. Материал Фейсбуктағы AJ+ парақшасында жарияланды.

Дәрігерлер тауып алған қыз жылап, тоқтаусыз әкесін іздейді. Кейінірек белгілі болғандай, әуе соққысы кезінде бір-бірінен ажырап қалған әкесі мен қызы қайта табысқан.

Агенттіктің хабарлауынша бұл ауданда дүйсенбі күні төрт бірдей соққы жасалып, екі бейбіт тұрғын қайтыс болып, бірнеше адам жарақат алған.

Біраз уақыт үзілістен кейін шығыс Алеппода ресейлік ұшақтар қайта бомбалауды бастады. Сириядағы соғыс басталғалы бері 300 мыңға жуық адам қаза тапқан.

Оқи отырыңыз:

Түрік жігіт тікелей эфирде өз-өзін өлтіріп тастады

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Путин мен Ердоғанның кездесуінде ұйықтап қалды (фото, видео)

iPhone 7 күтпеген жерден иесінің қолында жарылып кетті (фото)

Отасқандарына 50 жыл толған ерлі-зайыптылар өздерінің неке тойындағы ескі той көйлектерін киді (фото)

Талқылау