Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бестөбе кентінде төбелес болып, 10 адам зардап шекті

Бестөбедегі алтын өндіру шахтасында жұмысшылар мен күзет қызметкерлері арасында жанжал шықты. Төбелестен 10 адам зардап шеккен, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

төбелеелс-бестөбе

16 маусым күні сағат 20:30-да Степногор ІІБ кезекшілік бөліміне Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі «Қазақалтын» ТМК» АҚ шахталарының бірінде ауысым жұмысшылары мен күзет қызметкерлері арасында төбелес болғаны туралы ақпар келіп түсті. Аталған факті бойынша жақын маңдағы полиция жасақтары дереу оқиға орнына аттанды.

Облыстық ІІД және ІІБ, Степногор прокуратурасы мен жергілікті атқарушы органдары басшылығының қатысуымен өткен түсіндіру жұмысы барысында наразы топ үйлеріне қайтты. Жұмысшылар мен күзетшілер арасындағы жанжалды дөңгелек үстел барысында шешу туралы шешім қабылданды.

«Жұмсышылар мен күзетшілер арасындағы төбелесте 10 адам жапа шекті. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы 3-тармағы 2-тармақшасы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен кінәлілер анықталуда», – деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда кентте жағдай тұрақты.

 

Талқылау