Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беспаев пен Болманов күтпеген жерден Анталияда кездесті (фото)

Маусымның 28-і күні Ататүрік атындағы Ыстамбұл әуежайында 2 бірдей жарылыс болған. Салдарынан 36 адам көз жұмған. Осы қайғылы оқиғадан кейін көптеген қазақстандықтар Анталияға барып демалудан қорқып қалған. Десе де, олардың қатарында Лидо, Мейрамбек Беспаев, Қыдырәлі Болманов сынды жұлдыздар жоқ.

image

Фото: instagram.com/kydyrali_bolman/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда мерейтойлық концерт берген жұлдызды жұп бірнеше күн бұрын Анталияға жол тартты. Өздерімен бірге апалары мен балаларын ала барған.

“Көптен бері аналарымызды алып, күйбең тіршілік жоқ жерде 15 тәуліктей бірге уақыт өткізсек деп армандап жүр едім. Алла бере салғандарды ойнатып, өзім де көңіл көтеріп, дастархан үстінде әңгіме-дүкен құрып дегендей.

Енді міне сәті түскен сыңайлы. Ана орнына ана, бауыр орнына бауыр болған “Сары Алтыннан” жаралған Сары апама ұзақ ғұмыр тілеп, екі өмірдің абыройын нәсіп етсінші деймін Алладан!” – дейді Қыдырәлі  Болманов.

13694579_1741719272783272_1539957141_n

13249907_672781132903121_302110683_n

Қонақүйде демалып жатқан продюсер Мейрамбек Беспаевты жолықтырып қалған. Ол өз кезегінде жақындарын шетелден көріп қатты қуанғанын жасырмады.

1

13256656_479220042280927_2037624015_n

“Бұл ниеттің түзулігі, жүректің жақындығы. Әлемнің қай жерінде жүрсең де, жаратқан кездестіре береді екен. Ең бастысы, ол кездесулер жүрегіңді қуантады”, – дейді продюсер.


Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі Болманов Төреғалидің қатысуымен Қазақстанда ешкім қойып көрмеген концерт жасамақ

Қыдырәлі Болманов тоқал алуға қатысты пікірін білдірді

Қыдырәлі Болманов елбасы айтып берген әзілмен бөлісті

Қыдырәлінің “тоқалын” жұрт алдында Қарақаттың өзі көрсетті (видео)

Талқылау