Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес жылдан бері алғаш рет Головкинге “Жыл боксшысы” атағын берген жоқ

Worldboxingnews сайты “Жыл боксшысы” деген атаққа лайық спортшыларды атады. WBN атынан төртінші рет Геннадий Головкин марапат алған. Биыл үміткерлер қатарына да кірген жоқ.

WBN мәліметінше, “Жыл боксшысы” атағына украиналық Василий Ломаченко, мексикалық Сауль “Канело” Альварес таласады. Александр Усик, Майки Гарсия, Тайсон Фьюри, Деонтей Уайлдер, Теренс Кроуфорд, Наоя Иноуэ, Мэнни Пакьяо, Александр Гвоздик, Каллум Смит өзге де боксшылар болуы мүмкін.

2 қаңтар күні толық тізім жарияланады. Оған 18 қаңтарға дейін дауыс береді.

Айта кетейік, Головкин WBN нұсқасы бойынша 2013, 2014, 2015 жылы қатарынан “Жыл боксшысы” атанған. 2016 жылы Ломаченко еншіледі. Бір жылдан кейін Головкинге қайта берілді.

2018 жылы күзде Головкин Альвареспен жекпе-жекте жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау