Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес түрлі түс беретін әлемдегі ең әдемі өзен (фото)

Каньо-Кристалес жер бетіндегі ең әдемі өзен болып саналады. Өзен бес түрлі түстен құралған. Бастауын Колумбиядағы Макарена бұғазынан алады да шығысқа қарай құлап Гуайаберо өзеніне қосылады.

длгн

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

длорнеку

Өзеннің өн бойында бес түс бар: сары, көгілдір, қара, жасыл және қызыл. Әр жылдары бұл түстердің бірі солғын тартып, бірі күшейіп отырады.

орп

Осындай керемет өзенде бір қызығы ешқандай балық жоқ.

длор

Мұндағы әртүрлі түстер су астындағы балдырлардың түсіне байланысты шығып отырады.

бор

Өзенді тамашалауға келетін адамдар көп. Туристер үшін маусымнан қараша айына дейін келіп көруге мүмкіндік бар.

логн

Өзенге жету алайда оңайға түспейді. Ол үшін Вильявисенсиодан Макаренаға дейін ұшақпен, ал әрі қарай қайықпен, сосын біраз дер жаяу жүру қажет.

зждщ

Өзеннің ұзындығы 100 шақырым болса, ені 20 метрдей ғана.

ждлогне

Өзенде тұз бен минералдар кездеспейді. Сондықтан да суы ішуге жарамсыз.

ждло

 

Талқылау