Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес облыс пен Астанада дауылдық ескерту жарияланды

Қазақстан өңірлерінде метріне 20 секундқа дейін жел күшейіп,кей желерде екпіні 30 м/с асады деп күтіледі.

977278

Фото: Алексей Панов

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Астанада екпінді жел тұрады деген болжамға сәйкес, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды “Қазгидромет” метеоқызметі.

“Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 9 қарашада күндіз, 10 қарашада түнде Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі”, — делінген хабарламада. Астанада 9 қарашада оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Талқылау