Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес күн бойы комада жатқан: Шымкентте із-түссіз жоғалған қарияны көлік қағып кетіп, ауруханада көз жұмған

Шымкентте отбасы мүшелері 1 аптаға жуық уақыт іздеген 68 жастағы қарияны 5 күн бұрын көлік қағып кетіп, ауруханаға түскен. Осы уақытқа дейін комада жатқан зейнеткер жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Көлік қағып кеткен: Шымкентте із-түссіз жоғалған қарияның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды

Осы уақытқа дейін іздеуде болған қарияның ауруханада көз жұмғаны туралы оның қызы Наталья Хан хабарлады. 14 маусымда велосипедпен кетіп бара жатқан зейнеткерді көлік қағып кеткені белгілі болды.

«Көршілер оны 17 маусымда көрдік деп жалған ақпарат айтты. Сондықтан, бүгін мен жедел жедел медициналық көмек ауруханасына келгенде, оны таппадым. Ал, ол ауруханаға 14 маусымда түскен. Сол күні ол велосипедпен кетіп бара жатқан кезде, жігіттер оны қағып кеткен. Олардың айтуынша, әкем жолдың жүретін бөлігіне шығып кеткен, ал жігіттер маневр жасап үлгермеген. Жігіттер полиция мен жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер туыстарын іздеген, алайда таба алмағандарын айтты. 17 маусымда аурухана қызметшілері телеарнаға хабарлама берген, бірақ біз ол кезде қалада болмадық. Сондықтан, кеш білдік. Ол бірден комаға түсіп, бес күн бойы сонда жатқан. Біз онымен қоштасып үлгермедік», – деді марқұмның қызы Наталья Хан.

Айта кетейік, жоғалған 68 жастағы қарияны отбасы мүшелері 1 аптаға жуық уақыт іздеген.

Талқылау