Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес қазақстандық Forbes 2016 журналының миллиардерлер тізіміне кірді

Жыл сайын аса ауқатты адамдарды түзіп шығатын Forbes журналының бұл жолғы тізіміне бес бірдей қазақстандық еніпті.

99_wide

 

Басылымның жазуынша ең бақуатты қазақстандық бизнесмен Болат Өтемұратов атанған. Оның байлығы 2,3 миллиард долларға бағаланып отыр. 2015 жылы 714-ші орында тұрған Өтемұратов биыл 771-ші орынға дейін төмен сырғыған. Оның былтырғы ақшасы 2,6 миллиар долларды құраған болатын.

Әрқайсысының еншісіне 2 миллиард доллардан тиетін Қазақстан Халық банкінің иелері Тимур және Динара Құлыбаевтар 894-тен 906-шы орынға түскен. ERG тау-кен корпорациясы иелерінің бірі Алиджан Ибрагимов бір жылдың ішінде 847-ші орыннан 1198-ші орынға бір-ақ түскен. Оның қаржысы 2,2 миллиардтан 1,5 миллиард долларға дейін азайып қалыпты. Ал “Қазақмыс” корпорациясының президенті Владимир Ким 1,5 миллиард долларымен 1198-ші орынға жайғасыпты.

Басылымда, қор нарығының төмендеп, мұнай бағасы мен доллардың басынан өтіп жатқан дағдарыс қалталыларға да әжептәуір салмақ түсіргенге ұқсайды. Ал, рейтингтегі бақуатты адамдардың жалпы байлығы 6,48 триллион долларға жеткен. Бұл былтырғы жылға қарағанда 570 миллиард долларға аз екен. Орта есеппен әрбір миллиардердің байлығы 3,6 миллиард долларға төмендеген.

Ал жер бетіндегі бай адамдардың тізімінде 2015 жылы 4,2 миллиард доллар жоғалтқанына қарамастан осымен үшінші жыл қатарынан Билл Гейтс көш бастап тұр. Журнал оның 2016 жылғы байлығын 75 миллиард долларға бағалапты.

Талқылау