Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес егіздің трагедиялық тағдыры (фото)

Осы жылы Канаданың ең атақты егіздері 62 жасқа толар еді. 1934 жылы 28 мамырда кедей фермердің отбасында дүниеге келген 5 қыз Канада үкіметі үшін ірі табыс көзіне айналды. Олардың өмір тарихы кішкентай күндерінен бастап БАҚ беттерінен, елдің назарынан түскен жоқ. Алайда…Dionne02

Бұл туралы Bigpicture.Ru сайты хабарлайды.

Бірақ, атақ та, ақша да оларға бақыт сыйлаған жоқ.

1934 жылы 28 мамырда Онтарио Провинциясында 5 бірдей егіз қыздар дүниеге келді. Уақыты жетпей жеті айлық болып туылған қыздардың салмағы бар болғаны 600 грамм болды. Жергілікті дәрігер бесеуінің аман қалатынына күмән келтіреді. Алайда, Құдайдың қалауымен ғайыптан аман қалады. Бес егіз туралы ақпарат бүкіл Канаданы шарлап кетті.

Суреттегілер: анасы Элзайр Дион және оның бес қызы:  Аннет, Мари, Эмили, Ивонн және Сесиль Дион.

Dionne01

Балалар Олив Дион есімді кедей фермердің отбасында дүниеге келді. Бес егіздің ата-анасы  су құбыры тартылмаған әрі жарығы жоқ үйде үш баласымен тұратын еді. Әйелі екіқабат кезінде егіз босанатынын сезсе де, бірден бес баланы өмірге әкелемін деп ойламаған.

Oct-12-Babies

Өмірге келген сәбилерді жамылғыға орап, ошақтың жанына қояды. Анасының денсаулығы болмай, сәбилер сиыр сүтімен өскен.

Суретте: премьер-министр Онтарио Митчелл Хепберн сәбилермен бірге.

acyb05-04_0002

Қыздар 6 айға толғанда әкесі оларды Чикагодағы бүкіләлемдік көрмеге апармақшы болады. Бұл туралы Канада билігі де біліп, ерекше сәбилерді көпшілікке көрсеткісі келетіндерін жария етеді. Қыздар үшін он терезесі, галереясы бар арнайы баспана тұрғызылады.

Суретте: Анетт, Сесиль, Эмили, Мари және Ивонн. 1936 жыл.

Dionne02

Дионның қыздары аталған көрмедегі баспанада 1935 жылдан 1943 жылға дейін  тұрды. Чикагодағы көрмеге шетелден ағылып келген туристердің барлығы да егіз қыздарды көруге ынтық еді.  quintland

Күн сайын егіз қыздардың келбетін тамашалау үшін бірнеше мың адам келетін. Қыздар дәрігерлердің қарауында, адамдардың тамашалауына ыңғайлы жасалған дөңгелек алаңқайдың ішінде ойнайтын. Осылайша балалар пайда табу мақсатының құрбанына айналып кете барды. Билік келушілер үшін көрмеге кіруді тегін қылғанымен, бес қыздың суреттері салынған сыйлықтарды сату арқылы қазынасын молайтып алады. Осылайша қыздар нағыз брендке айналды. Олардың құрметіне арнайы бірдей 5 данадан тұратын қуыршақтар да шығарыла бастады.

GLENdion

Тіпті егіздер жайлы Голливудта  бірнеше фильм түсірілді. Балалар тамағын өндіруші кәсіпорындар да бес егіздің суреттерін жарнамалау арқылы өз тауарларын өткізді.

quint-good-06-01-1935-143-M5

Қыздар қоғамнан оқшау өмір сүрді. Оларды ең күшті балалар дәрігері қарады. Оларда ең қымбат ойыншықтар мен сәнді киімдер болды. Алайда олар өздерінің ата-анасымен және бауырларымен, құрдастарымен байланысу құқығынан айырылды.

Dionne03

Бесеуі тоғыз жасқа толған кезде Канада билігі Калландерде олардың отбасына арнап үлкен үй тұрғызды. Бірақ, егіз қыздар мұндай өмірге бейімделе алмады. Бірнеше жыл бойы көріспегеннен кейін олар кәдімгі отбасылық өмірді сүруге қабілетсіздік танытты. Дион отбасының басқа балалары да бірнеше жыл бойы көрмеген бауырларын қабылдай алмады.

Dionne04

Қоршауда өмір сүріп үйреніп қалған қыздар, отбасылық өмірге тіпті де үйренісе алмаған еді. Бұл үйде егіздер 16 жасына дейін тұрды. Одан кейін оларды интернатқа жіберді.

Суретте: Дион қыздары. 1943 жылдың мамыр айы.

Dionne05

Қыздар косметика құралдары мен тамақ өнімдерін жарнамалайтын бірнеше жарнамалық роликтерге де түсті. Олардың  туған күні БАҚ өкілдерінің қатысуымен аталып өтетін.

Суретте: 16 жастағы Дион қызы шашын қидырып шыққаннан кейін. 1950 жылдың 19 қазаны.

Dionne06

Жасқаншақ, тұйық қыздар айналасындағылар мен араласуға қабілетсіз еді. Адамдарға арналған қоршауда өткен басқаша балалық шақ қыздардың санасында көңілсіз естеліктер қалдырған.

Суретте: 16 жастағы қызлар Нью-Йорктегі Waldorf Astoria қонақ үйінде. 1950 жылдың 19 қазаны.

Dionne07

Олар адамдармен  араласуға келгенде қиындыққа,көптеген ыңғайсыздықтарға ұшырайтын. 18 жасқа толғаннан кейін қыздар олардың танымалдылығын тағы да басқа мақсаттарға пайдаланбақшы болғандармен байланысты үзді.

Dionne08

Олардың кейінгі тағдыры мүлде қайғылы өрбіді. Эпилептикалық ұстама ауруына ұшыраған Эмили 20 жасында қайтыс болды. Әпкелері үшін бұл өте ауыр соққы болды.

Dionne09

Мари 30 жасында сәтсіз некеден соң көз жұмды. Сесиль мен Аннет те отбасылық өмірде бақытты бола қоймады. Олар әрдайым бір-бірін іздеп тұратын. Бір-бірімен сағаттап сөйлесуден жалықпайтын. Сесиль де өмірге егіздер әкелді. Үш жылдан соң жесір қалды.

Dionne10

Жастары келген егіздер мемлекеттен 4 млн доллар көлемінде өтемақы алу үшін сотқа арыз береді.

Суретте: Ивонн, Аннет және Сесиль «Отбасы құпиялары» автобиографиясын ұстап тұр. 1995 жылдың 2 қазаны.

Dionne12

Талқылау