Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Берік Құрманғали президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне Құрманғали Берік Уәлиұлы тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Берік Уәлиұлы президент баспасөз хатшысы болып тағайындалды

"Берік Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалсын",-делінген жарлық мәтінінде.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Айдос Үкібай басқа жұмысқа ауыстырылды. 

Құрманғали Берік Уәлиұлы 1977 жылы Семей облысында дүниеге келген.

Қызмет жолы:

-1997 жылы "Таң" телекомпаниясында  "Алматы жаңалықтары" ақпараттық бағдарламасының тілшісі;

- "НТК" телеарнасындағы "Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының редакторы;

- 2000-2007 жылдары жауапты редактор, бас редактор, "31-ші арнадағы" Информбюро "ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі ;

-  2009-2012жылдары "Нұр Медиа" сыбайлас-жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы;

-10.2012-08.2015 жылдары Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы;

-08.2015 бастап  "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі;

- 2016 жылдан бастап министрдің кеңесшісі, ҚР ИДМ ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры;

- 06.2018 жылдан бері Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;

- 03.2019 жылы ҚР президентінің баспасөз хатшысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр