Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Берік Уәли жіберген домбыра Баян-Өлгейдегі баланың қолына тиді (фото)

Берік Уәли жіберген домбыра Бай-Өлкедегі селде зардап шеккен баланың қолына тиді.

20160724092043

Бұл туралы Janarbek Aqbi есімді азамат өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында жариялады.

“Баян-Өлгейдегі селден зардап шекендердің фотосын ғаламторға шаштық. Басты мақсат ел болып қиналған ағайындарға көмек қолымызды созсақ деген игі тілек еді. Солардің ішінде домбырасы шағылған Олжастың фотосы да ғаламторды шарлап кетті. Фото көптің назарын аударды. Танымал журналист Берік Уәлиді де сынған домбыраны құшақтаған балақайдың фотосы бей-жәй қалдырамаса керек. Баян-Өлгейге селден зардап шекендерге қаржысында ұсынып үш жасар Олжас балақайға жаңа домбыра алып беріп жіберіпті”, – деп жазылған әлеуметтік желі парақшасында.

Бұл домыбыраны ата-жұрттан селден зардап шеккендерге қолұшын беру үшін арнайы барған Аятжан Ахметжан мен Амангелді Құрметұлы Берік Уәлидің аманатын орындап, 3 жасар Брежнев ұлы Олжасты қуантты. Алыстан келген домбыраны табыс етіп, елден сәлем жеткізді. Олжастың әкесі де Берік Уәлиге алғысын айтып, жұмысына сәттілік тіледі.

20160724092047

20160724092039

20160724092034

20160724092030

20160724092025

Талқылау