Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Берік Тұрсынбеков: Жемқорлар мен арсыздарды бір апта алаңға тыржалаңаш байлап қояр едім

Күлпәш болып танылған актер Берік Тұрсынбеков жуырда Stan.kz тілшісіне жемқорлар мен жалаңаштанып жүрген қыздар туралы өз ойын ашық айтып, наразылығын білдірді.

Берік Тұрсынбеков: жемқорлар мен арсыздарды бір апта алаңға тыржалаңаш байлап қояр едім

Актер санқырлы болады. Сондықтан, олардың образға кіріп ән айтуы да, жүргізуші ретінде бағын сынап көрулері де әбестік емес. Алайда, оқымаған той әншісінің бірнеше кеменің басын ұстап жүруіне Берік мырза қарсы.

«Менің мамандығым актер. Оның ішіне ән айту да, жүргізу де кіреді. Актер адам санқырлы болады. Бізді соған үйретеді. Жалпы, өнер адамдары жан-жақты болып келеді ғой. Сол бірнеше кеменің басын ұстап жүрген жандар өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы екенін көрсеткісі келетін шығар. Керегін халық өзіне алады, ал керек емесін қабылдамайды», – дейді актер.

«Қазір тек «Өнер қырандарының» қарқынды жұмысын көруге болады. Басқа театрлар тоқырауда сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?» деген тілші сұрағына да үзілді-кесілді қарсылық білдірді.

«Жоқ, мен олай ойламаймын. Бәрі де өзінің жұмысын істеп жатыр. «Өнер қырандары» да жұмыс жасап жүрген шығар. Білмеймін. Мен үшін бәрі де деңгейлес. Кеше шыққан балаға сен кереметсің деп төрді берген де болмайды ғой. Жастардың дарынын көрген кезде тілекшіміз. Алайда, аға буыннан алатын өнеге-үлгілері көп олардың», – дейді актер.

Әзілдің тарланына қоғамдағы сынайтқыштардың көптігі ұнамайды екен.

«Қоғамда маған ұнамайтыны ақыл айтқыш, бірақ орындайтындар аз. Біреудің шоғын көріп, өздеріндегі отты байқамайды. Болашақта ол түзеледі деп сенемін. Бірақ, мынау жалаңаштанып жүрген қыздар қоғамның үлкен дерті. Ұлттың жауы», – деген Берік қазақилық пен мұсылмандыққа кір келтірушілерге қарсы заң шығару керектігін айтты.

«Қазір өтірік демократия жақсы болды ғой. Жастардың бәрі: «Демократия заманы. Өзіміз білгенімізді айтамыз, істейміз» деп кеуделерін соғады. Ол біріншіден-берекені кетіреді, екіншіден-қазақилығымызға қарсы әрекеттерге әкелуі мүмкін, үшіншіден – ұлтымыздың жоғалып кету қауіпін төндіреді. Егер жалаңаштануға қарсы заң шығаратын болса, мен қолдаймын», – деп жалғады сөзін ол.

Тіпті, жаңа билік өкілдеріне де жазалаудың ерекше әдісі туралы тегін идея айтып өтті.

«Егер қолыма билік берілсе жемқорлар мен арсыздарды бір апта алаңға тыржалаңаш байлап қояр едім. Бірінің маңдайына жемқор, екіншісіне ұятсыз деп жазып қояр едім. Күллі елге «позор» болсын. Басқаша болмайды. Қазір «new style», «жаңалық», «хайп», «мода», «тренд» деп небір нәрселерді жасап, ұятты ұмытып барады. Еуропаның саясатын әкеліп жатыр. Бізде тренд деп жүргендері ешқандай да мода емес, керісінше «түк көрмеген, топастық, көргенсіздік». Айжан Байзақова бастаған сондай жалаңаштанып жүргендердің бәрі көргенсіздер ғой. Түк көрмеген арсыздар».

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр