Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Березовкадағы балалар туралы фильм халықаралық байқауда жеңіске жетті

Березовкада түсірілген балалар туралы түсірілген фильм халықаралық сайыста жеңіске жете алды. Сонымен қатар, картина үздік сценарий үшін де марапатталды.

ввмв

Сурет dvesti.kz

Бұл туралы Мой Город порталы хабарлады.

Венесуэлада өткізілген «The Right Cut» адам құқығын қорғауға қатысты деректі фильмдер халықаралық фестивалінде екінші орынды – “Қарашығанақ: мұнайға балаларды айырбастау” фильмі еншіледі.

Кинофестивалдің финалына 13 картина шыққан. Соның бесеуі – Венесуэла, Қазақстан, Мексика, Ауғанстан және Ресей кинолары жүлдеге ілікті.

Конкурс ұйымдастырушыларының қатарында Гарвард университеті өзге де ұйымдар бар. Жүлдегер фильмдер АҚШ-та және Чехияда сәуір-мамыр айларында көрсетіледі.

“Қарашығанақ: мұнайға балаларды айырбастау” фильмі жергілікті балалардың Қарашығанақ мұнай кенішіндегі жағдай кезінде уланып қалуы туралы. Аталған оқиға 2014 жылы 28 қарашада болған еді. Әзірге бұл жағдай мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған жоқ. Зардап шеккендер де өтемақы ала алмай жүр.

“Халықаралық кинофестивалде фильмнің жеңуі – Березовкадағы балалардың қайғысы туралы бүкіл әлемге хабарлау деген сөз. Бұл уланудан зардап шеккен балалардың денсаулығының түзелуіне, емделуіне көмектеседі деп үміттенеміз”, – дейді «Дети или нефть?» со-координаторы Сергей Соляник.

Талқылау