Бердібек Сапарбаевтың ұлы 300 мың долларлық көлікті мінді

Дүйсенбі, 30 Қараша , 2015 23:41

Әлеуметтік желілерде Бердібек Сапарбаевтың кенже баласы Жансұлтан қызыл “Феррари” көлігіне мініп түскен суреті кеңінен таралды.

жансултан 1

Жансұлтан Сапарбаевтың мінген көлігі нарықта 300 мың доллары тұрады, деп хабарлайды NUR.KZ .

«Бұл қытайлық кәсіпкер де, жапондық якудза да емес. Бұл Жансұлтан Сапарбаев, жасы 24-те, 12 жасынан еңбек еткен, ірі кәсіпкер. Әкесі өмір бойына бел жазбастан мемлекеттік қызметтің алдыңғы шебінде жұмыс жасап келе жатыр. Бердібек Сапарбаев – еш уақытта кәсіппен айналыспаған, лотереяда да жеңіске жетпеген, оның бар ғұмыры мемлекеттік қызметте өтті. Жансұлтан туралы мағлұмат аз. Сонда жас жігіттің бизнесімен феррариіне ақша қайдан алған?»- деп оппозиционер Айдос Садықов өз фейсбуктегі парақшасына жазып, Жансұлтан Бердібекұлы Сапарбаевтың көлікпен түскен фотосын салған.

Суретте көліктің мемлекеттік нөмірі жоқ, сондықтан суреттің қай елде түсірілгені де белгісіз. Көліктің нарықтағы құны 300 мың  долларынан жоғары тұрады.

Пікір білдірушілердің көпшілігі қымбат темір тұлпарды қалталы туыстары сыйлаған десе, енді бірі «байлыққа масаймай жолда ереже бұзбай жүруін» тілеген.

жансултан 2

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Шіренуін,қай еңбегімен алды екен? Отыз м айлықпен отыр -қарапайым қазақтар-ал оның машинасы-300м доллар?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар