Бердібек Сапарбаев: “Жер сатуға” қарсы шеруге “Батыс ақшасының” қатысы болуы мүмкін

Жексенбі, 1 Мамыр , 2016 22:02

Ақтөбе тұрғындарымен сенбі күні кездесіп, Жер кодексіндегі өзгерістерді түсіндірген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев соңғы аптада елдің бірнеше аймағында болған «жер сатуға қарсылық» шерулеріне «Батыс ақшасының» қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеген.

saparbaev31

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.

– “Алаңға шығып айғайға басқаннан ешкім ұтпайды. Біз Украинада не болып жатқанын көріп отырмыз. Мен кешегі кездесуден соң (29 сәуірде облыс әкімдігінде өткен белсенділермен кездесуін айтады) жастарға дұрыс нәрселерді жеткізер деп ойлаған едім. Бірақ олай болмады, керісінше, студенттерді саябаққа шығып, Жаңаөзен оқиғаларын қайталауға шақырады. Мұның бәрі заңсыз. 27 сәуірдегі шеру (Ақтөбедегі) заңсыз болды. Біз ешкімді қудалаған жоқпыз, бірақ белсенділерге: «Ондай жағдайды қайталамаңдар. Егер қайталайтын болсаңдар заң алдында жауап бересіңдер»деп ескерттік. Біз неге Батысқа тығылған біреулердің айтқанын тыңдауымыз керек? Неге біз Батыстың ақшасына жұмыс істеуіміз керек? Ұлт намысы қайда? – деген Сапарбаевтың сөзін келтірген басылым.

Жер туралы заңдағы шетелдіктерге жерді жалға беру мерзімінің 10 жылдан 25 жылға дейін ұлғайтылуына қатысты сұраққа жауабында Бердібек Сапарбаевтың «бізге қаржы қажет» деп жауап бергенін және «егер қаржы құятын болса – мейлі, австралиялықтар я ирандықтар болсын – оларға алғыс айтамыз» дегені туралы жазады жергілікті газет.

– “Көбінде ештеңе жоқ, не техника, не ақша жоқ. Ал 24 жылдың ішінде олардың қожайындары түк бітірген жоқ және ештеңе бергісі келмейді. Біз қай жақтан келсе де, шетелдік кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеуді қолдаймыз. Ең бастысы – бізге қаржы керек! – деген Ақтөбе облысының әкімі.

Сонымен бірге кездесу барысында 2016 жылы Қытайдың CNPC компаниясы Ақтөбеде 1 миллиард 300 миллион теңгеге жастар сарайын салуды жоспарлап отырғаны айтылған. Бердібек Сапарбаев «Қытайды мақтамайтынын» айтқан, бірақ «солардың арқасында бізде отын бекетінде газ литрінің бағасы 20-28 теңге», ал өткен 19 жылдың ішінде компания «9 миллиард 100 миллион доллар әкелді» деп мәлімдеген.

Әкіммен кездесуге облыстық ішкі істер департаменті бастығы мен облыс прокуроры, сонымен бірге парламент сенаты депутаты Елеусін Сағындықов қатысқан. Кездесу өткен Достық үйінің айналасын жай киім киген адамдар қоршап, ғимарат жанында арнайы техника тұрған.

Жіберіп алмаңыз:

Сапарбаев оқушыларды демалыста шаруа қожалықтарында жұмысқа салуды ұсынды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • қазақ says:

    Ауылдан шыққан Бенрдібек ауылды түсібейді дегенге итім сенеме.Кешегі Мәш аға болса саған үйінен шай бергізбес еді.Кімге болсада жерді сатамын дегенің қай сасқаны.Осы күнге дейін шет елден келген ақшаға он қазақстанда гүлге орауға болар еді.Бар ақша афшор арқылы шеттен шығып жатқанда кім кімді жазғырып отыр

  • Жұмбақ жан says:

    Жерді кытайга арендага беруге халык әрине карсы.Ал сіз сонда соны колдайсызба?

  • Жұмбақ жан says:

    Мақтаған қыз тойда демекші, Бердібекте бықсыйды екен ғой.

  • Забыхан Марат says:

    Құрметті, Бердібек Машбекұлы! Сізді Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тұрғаннан жақсы білеміз! Қазіргі таңда Ақтөбе облысының әкімі болып қызмет атқарып, бірнеше жақсы жақсы бастамалармен xалықтың ойынан шығып жүрдіңіз. Атап айтар болсақ, Ақтөбе қаласының базарында өткен жәрмеңкеге өз аяғыңызбен барып аралағанда сатушыларға ескерту жасап, xалықты алдағаны үшін заң алдында жауап беретіндігін, кемшіліктерді жоюға тапсырмалар бергендіңізді ескеріп, қытайдан келген азаматтарға Қазақстанда жүргенде қазақ тілін білуіңіз керек деп , қазақ тіліне деген құрметіңізді білдіргенде, қыстың қаxарлы күндерінде жауған қар, тау-тау болып үйіліп жатқан қарды тазалауға жұмыс күшін бөлуге ықпал еткендіңізде риза болып қалып едік. Алайда, Сіздің мына сөзіңізді қалай түсінуге болады? Сонда шетелдіктерге жерімізді 10-25жылға жалға беріп пайдаланып болған тастай салама? Өз ұрпағымызға ештене қалмайтындай етіп өзгелерге беріп қоймақшымызба? Ұлт намысы қайда??? Мейлі ол австралиядан немесе ираннан болса да тек бізге қаржы қажет дейсіз, сонда тек қаржы құятын болса болғаны ма? Мұнымен мемлекеттің қаражатын толтыру мүмкінбе? Қарапайым xалық жер сатып алып пайдалануға дайын емес, себебі оған еш мүмкіншілік жоқ. Бірақ мемлекет жанынан септігін тигізсе неге жасамасқа? Бұған дайын тек қалтасы қалың азаматтар (олигарxтар) дайын! Қазақ xалқына деген, ұлтқа деген, қазақ болашақ ұрпағына деген жанашырлығыңыз, намысыңыз қайда болғаны? Сізді мұндай деп ойламап едік, Сізден мұндайды күтпеп едік! Өз басым Сізді ел ағасы, жұрт жанашыры деп сыйлайтын едім. Бірақ, әттең бұл Сіздің ойыңыз екені Өте өкінішті!

  • Жұмбақ жан says:

    Жер Сатылмасын!! Жер Жалга берылмесын!! Жер Халыктыкы!! Урпактарымыз ертен Кулга айналмасын!!

  • Жұмбақ жан says:

    жер кытайга жалга берилмеуы керек,сол ушын гана казак халкым шырылдауы

  • Жұмбақ жан says:

    Казакстаннын акшасын урлап жатырган миллионерлер мен миллодерлер берсин.

  • ұлтшыл says:

    Егер сыртқы күштердің әсері бар десеңдер,жерімізді жайына қалдырыңдар,тиіспеңдер. Жер барша қазақ халқының жері.

    • Жұмбақ жан says:

      Көп сақтаған Бəкең де ақшаның алдында əлсіздігін байқалды. Ақшаға бола жер сату ол кешегі жаңа сайланған депутаттардың мандат сатып алуға кеткен шығынын өтеу амалы,егемендік алғалы елге құйылған инвестиция қисапсыз бірақ халыққа еш пайдасы жоқ осы жолғы ақшаның да ел үшін жұмсалатынына ешкім кепілдік бере алмайды 25 жылғы үрдісті бұзып аяқ астынан билік халықшыл бола қалады дегенге өз қара басым өлшем де сенбеймін.

  • Есіfdм says:

    Қызық қой, өзі батыс ақшасының қатысы бар дей тұрып, жерден түсетін ақшаға келгенде жалақ жалақ еетді, қытайдың да ақшасына тамсанып отыр. күлкілі емес пе!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар