Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев қайырымдылықты қолдайтын эстрада жұлдыздарын марапаттады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы қайырымдылық шараларға үшінші жыл қатарынан қатысып жүрген отандық эстрада жұлдыздарын марапаттады.

????????????????????????????????????

Ақтөбеде облыс басшысының қатысуымен «Біз біргеміз» атты әлеуметтік маңызды акция өтті. Шараны қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау ұйымы мен оның төрайымы Құралай Бәйменова ұйымдастырды. 16 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан шараға мүмкіндігі шектеулі 150 адам қатысты.

«Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі 23 мың адам тұрады. Олардың 2 мыңы 16 жасқа дейінгі балалар. Тағдырдың тауқыметін тартып жүрген жандарға біз көмек көрсетуіміз керек. Жыл сайын өңірде осы мақсаттарға миллиард теңгенің үстінде қаржы бөлінеді. Әрине, мемлекет мүгедектердің мәселелерін толықтай шешіп бере алмайды. Бұл мәселеде біз меценаттардың көмегіне жүгінеміз», – деді аймақ басшысы.

Бердібек Машбекұлы 15 мүгедек балаға «Тәуелсіздіктің құрдастары» номинациясы бойынша алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы табыстады. Акцияға үшінші жыл қатарынан ат салысып жүрген отандық эстрада жұлдыздары да назардан тыс қалмады. «Музарт», «Нұр-Мұқасан» топтары мен белгілі әнші Ақылбек Жеменей де әкім қолынан алғыс хат алды.

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Талқылау