Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев жиналыс үстінде сенім телефонның жұмысын тексерді

Бердібек Сапарбаев сенім телефоны істемегені үшін Білім басқарма басшысын жұмыстан шығаратынын айтты

saparbaev3

3 желтоқсанда облыстық прокуратурада әкімнің қатысуымен кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс бойынша жиналыс өтті.

 Облыстық прокурор Нұрғалым Әбдіровтың айтуынша, олар сенім телефоның жұмысын тексеру барысында оның істемейтінін анықтаған. Сол кезде облыс әкімі Б.Сапарбаев Білім басқармасының жетекшісі Жанат Самұратованы орнына тұрғызып, бекерге ақталмауын ескертіп, жұмысына сөгіс берді. Және дәл жиын үстінде әкім прокурор қызметкеріне білім басқармасының сайтына кіріп, сенім телефонына хабарласуын сұрады.

– Егер телефон жұмыс істемейтін болса, сіз де жұмыс істемейтін боласыз,- деді әкім.

20 минуттан кейін прокурор сенім телефон тұтқасын психологтың орнына бқлім басшысы алғанын және ол жайында ештеңе білмейтінін жеткізген.

-Сенім телефоны қиын жағдайға түскен балаға  көмектесу үшін керек. Ал ол жерде бөлім бастығы отыр, және ол туралы ештеңе білмейді. Ал сіз маған онымен аәналысатыныңызды айтасыз. Сізге нақты тапсырма беріп отырмын, сіз осы мәселені шешу керексіз. Егер жауабы теріс болса, ресми түрде сізді қызметіңізден алып тастаймын, – деді Бердібек Сапарбаев.

Талқылау