Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев орынбасарын жұмыстан босатты

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орынбасары Сара Нұрқатованың қызметінен кетуіне байланысты түсінік берді.

сапарбаев

«Нұрқатоваға қатысты тоқталатын болсақ, мен онымен бірнеше сөйлескен болатынмын. Әрине, ол Мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін сақтауға байланысты қателік жіберді. Бірнеше күн бұрын ол өтінім берді. Ол өз еркімен қызметінен босатылады», – деді әкім Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бұл мәселе қозғалған бір айдан кейн, дәлірек айтсақ, 18 қарашада Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова өз еркімен қызметінен босату жөнінде өтініш берді. Бұдан бұрын жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма бастығының орынбасары қызметінен оның келіні жұмысынан кетті. Сонымен қатар жақында өз еркімен білім басқармасы бастығының орынбасары қызметінен босату жөнінде оның ұлы өтініш берді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының ұлы мен келіні осы облыс әкімдігінің екі басқармасында басшылардың орынбасары – білім басқармасы мен жастар саясаты басқармасы бастығының орынбасарлары болып қызмет атқарып жүргендігі хабарланған еді.

Осы факті «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесте қаралып, мемлекеттік қызметкердің этикасымен сыйыспайтыны бүкіл республика көлеміне жария болған еді.

Талқылау