Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев оқушыларды демалыста шаруа қожалықтарында жұмысқа салуды ұсынды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп жанындағы лагерьлердің балалардың демалуы мен дамуына қолайлы еместігін, оның орнына оқушыларға жұмыс істетудің дұрыс екенін айтты.

58bd67a09e810b2cddf5523a1aa2f0ff.e7b3df8d2521429058af50ff07f8cef7

Сурет: runews24.ru 

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Ақтөбе облыстық әкімшілігінде оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы, сондай-ақ олардың жазғы демалыстары жайында сөз болды. Онда 100 мың оқушы қамтылғаныы айтылды.

«Егер оқушылар, әсіресе, жоғары сынып оқушылары еңбек отрядтарында, шаруа қожалықтарында жұмыс істеп, өздері мекен ететін жерді, мектеп жанын көгалдандыруға атсалысса, сол дұрыс болар еді. Мектеп жанындағы лагерьге қарағанда оқушылардың облыстағы тарихи жерлерге, қорықтарға экскурсияға шығып, шатырлы лагерьлерде уақыт өткізгені әлдеқайда қызықтырақ болатын еді», – деді облыс әкімі.

Талқылау