Бердібек Сапарбаев қурап қалған көшеттерді еккен қызметкерлерге шүйлікті

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 8:59

Ақтөбеде тамыры солып қалған сексен түпті отырғыздық деп есеп бермек болғандардың ойы жүзеге аспай қалды. Олқылықты байқаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қураған көшетті ұстап тұрып, оны отырғызбастан тастап кетіп қалған.

2121

Сурет timeskz.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тал егуге барып, өзінің қарамағындағылар қаланың бетке ұстар саябағына тамыры жоқ, қурап қалған ағаштарды егіп жатқанын көріп ашуланды. Сөйтсе ол көшеттер демеушілер берген сексен түп ағаш екен. Морт сынатын көшеттер, тек көзбояушылық үшін жасалған шара деп сөкті облыс әкімі.

Биыл қаланы көгалдандыруға 200 миллион теңге қаржы бөлінген. Оларға он төрт мың түп ағаш отырғызылуы және 35 мың шаршы метрге гүл егілуі керек. Ағаштар Мұғалжар, Ойыл аудандарымен, Башқұртстаннан алынатын көрінеді. Осыған ұқсас жағдай Талдықорғанда да болып, мыңдаған түп ағаш отырғызылғанымен, кейін олар тіпті көктемей қалған.

“Бірақ та бұл ағаштарға біз бюджеттен қаржы бөлген жоқпыз. Дайындау жұмыстары да барлығы жастардың жасағаны. Облыс басшысының ескертуінен кейін топырағымен әкеліп егуге жоспарлап жатырмыз”, – деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар