Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев халықты бір, өзін екі алдаған аудан басшысына шүйлікті

Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданына іссапармен барған болатын. Әкім ол жақта өндірістік нысандарды аралап, халықпен кездесті. Облыс басшысы ауданда жасалып жатқан жұмыстарға көңілі толмайтынын білдірді.

Бұл туралы Тілші хабарлайды.

«Бюджеттен тыс қаржы көзі іздестірілмейді. Екі жылда демеуші қаражатына бірде-бір нысан салынбапты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ешқандай жоба қарастырылмаған. Қосестек ауылында клуб құрылысы аяқталмаған. Халықтан ұят», — деді Бердібек Машбекұлы.

Айта кету керек, жиналыс алдын ала жоспарланғандай, ауыл клубында емес, әкімдікте өткен. Онда да қарапайым халық емес, залдың іші әкімдік қызметкерлері мен жергілікті кәсіпкерлерге толы болған.

Сапарбаевтың «мемлекеттік қызметке немесе бизнеске қатысы жоқ адам бар ма» деген сұрағына тек бір ғана адам қолын көтерді.

«Ертең қарапайым халық басшылар келді де, өздері кездесу өткізді. Сонда не үшін келіп отырмыз? Әйтеуір, кездесу өткізу керек болған соң, өткізе салды деп айтады емес пе?», — деді облыс басшысы.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстау-Атырау пойызының бригадирі толғағы қысқан жолаушыны вагонда босандырды

Асхат Садырбай: Мәйіт шығатын үй ас бермеуі керек

Жұма күні кір жууға бола ма?

Ресей Қазақстандағы полигонда зымыран шабуылына қарсы сынақ жүргізді

Талқылау