Бердібек Сапарбаев екі жасында жетім қалған егіз ұлдарды қамқорлығына алған

Ақтөбеде Аман мен Есен есімді егіз балалар ел аузында «әкімнің балалары» атанып кеткен. Олар «Мейірім» әлеуметтік жастар орталығында тұрады.

Егіздерді екі жасында Бердібек Сапарбаев өз қамқорлығына алған, деп жазады aktobenews.kz.

«Бес ағайындымыз. Төрт ұл, бір қызбыз. Кішкентай кезімізден балалар үйінде тәрбиелендік. 1998 жылы ата-анамыз қайтыс болған. 1999 жылдың қыркүйегінен бастап, бесеумізді де балалар үйіне орналастырады. Ол кезде ең кішкентайы біз екі жаста болғанбыз. Ештеңе есімде жоқ. Тек құжаттарды қарап ата-анамыз туралы білдік. Ол кезде ең үлкен ағам 7 жаста екен. Қазір апам да, ағам да қалада жұмыс жасап жатыр», — дейді Аман Мусуралиев.

Облыс басшысы өзге шенеуніктерді де қамқорлық жасауға шақырып, олардың есепшотына ақша аударып, қолғабыс етуі тапсырған.

Аман бүгінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 2-курс студенті. Физика-математика мамандығы бойынша білім алуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар