Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктер алдында не себепті ұялатынын айтты

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктер алдында ұялатынын айтты.

Бердібек Сапарбаев

Облыс басшысы өңірді қоқыс алаңына айналдырған шенеуніктерді жазалады, деп хабарлайды 31 арна.

«Басшы ретінде тұрғындар алдында ұяламын. Желіде осы мәселе жайында үнемі жазып жатады. Күн сайын қай жерде қоқыс жатқанын тексеріп жүрмін. Мен қоқыспен айналысуым керек пе? Әлде облыстың экономикасын көтеруім керек пе?», – деді Сапарбаев.

Ақтөбе қаласы үшінші ай қатарынан қоқыстан тазаланып жатыр. Оған себеп екі ірі компанияның ауысуы. Олар мұндай үлкен көлемді жұмысқа дайын болмай шықты.  Сапарбаев қала әкімі мен орынбасарларына орталық көшелермен жүріп, қанша қоқыс жатқанын көруді тапсырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау