Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» – «Ертіс» ойынына билет сатып алды

Дүйсенбі, 18 Сәуір , 2016 7:42

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» – «Ертіс» ойынына билет сатып алып, алдын-ала Қобыланды батыр атындағы орталық стадионның футбол маусымына дайындығын қарап шықты.

Безымянный

Бұл туралы Bnews.kz тілшісі.

Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда ақтөбелік «Ақтөбе» командасы мен Павлодардың «Ертіс» командасы арасындағы кездесу басталды. Кездесу алдында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 2016 жылдың футбол маусымына билет сатып алып, орталық стадионның дайындығын қарап шықты. Әсіресе, жасыл алаңның дайындығы мұқият тексерілді. «Ақтөбе» футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен мемлекеттік инспекцияның стадионға келгенін хабарлады.

п

Айта кетейік, ақтөбелік жанкүйерлер қолдауды екі сағат бұрын бастады. Олар Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағына жиналып, қолдау білдірді. Әбілқайыр хан даңғылымен жүріп өткен жүздеген жанкүйер қазір стадион ішінде арнайы бағдарламалық қолдауларын көрсетіп отыр. Тіпті, кейбірі өлеңге қосқан.

Айта кетейік, «Ақтөбе»-«Ертіс» арасындағы ойын тікелей желі арқылы көрсетіліп жатыр. Есеп ашылды. 0:1 есебімен «Ертіс» командасы ала келеді.

Жіберіп алмаңыз:

Сапарбаев өңір журналистеріне өзі туралы жаза бермеуді тапсырды

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар