Бен Ладен 11 қыркүйек трагедиясын 1999 жылы болған ұшақ апатынан соң жоспарлаған

Жұма, 12 Ақпан , 2016 12:12

«Әл Каида» ұйымының көшбасшысы Усама бен Ладеннің АҚШ-та 2001 жылы қыркүйекте жасаған терактісіне, екі жыл бұрын Египет ұшағының құлағаны себеп болуы мүмкін.

54456558

Сурет paranormal-news.ru сайтынан алынды

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

2001 жылы 11 қыркүйекте «Әл-Каида» ұйымы Нью-Йорктегі әйгілі терактіні ұйымдастырған болатын.

Өткен жылдың маусым айында АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтарының арқасында көзі жойылған Бен Ладеннің бұрынғы кеңесшісі және «Әл Каида» ұйымының Йемендегі басшысы Әл-Вухаишидің құпия хаты табылған. Онда жазылған мәліметтер бойынша, атақты 11 қыркүйек оқиғасының жасалуына, екі жыл бұрынғы әуе апаты ой салған-мыс.

Нью-Йорктің Кеннеди әуежайынан ұшып шыққан EgyptAir ұшағын ұшқыш басқа жаққа бағыттап, нәтижесінде әуе кемесі жарылған еді. Кейінірек ұшқыштың ғимаратқа соғылып емес, лайнерді мұхитқа бағыттамақ болғаны анықталған.

Усама бен Ладен 2011 жылы мамыр айында америка арнайы жасағының арқасында қолға түсіп, өлтірілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар