Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белоруссияда Димашты жанкүйерлері ерекше күтіп алып, қимай қоштасты (видео)

Витебскке төреші ретінде барған Димаш Құдайберген байқауда өнер көрсетті.

Димаш 2015 жылы осы байқауға қатысушы ретінде барып, жеңімпаз атанған болатын. Үш жылдан соң төреші ретінде барған қазақ әншісіне тыңдарманы қолқа салып, ән шырқауын өтінді.

Димаш «S.O.S. d’un terrien en detresse» әнін шырқады. Одан бөлек «Ұлы даланың өнері» атты гала-концертте Нағима Есқалиевамен бірге «Беловежская пуща» атты әнді орындады.

Талқылау