Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белорусиялық әнші “Евровидениеде” жалаңаш әрі қасқырмен бірге өнер көрсетпек

Ресейлік продюсер Виктор Дробышаның шәкірті белорусиялық әнші Александр Иванов Стокгольмде 10-14 мамыр аралығында өтетін “Евровидение-2016” байқауында көрермендерді ерекше сенсациялық қойылымымен таңқалдырмақ.

741

Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.

Қойылатын нөмірдің басты ерекшелігі әншінің сырт келбетіне орай орайластырылмақ. Александр Европаның бас сахнасына қасына қасқыр ертіп толықтай жалаңаш шықпақ.

Ойға алған бұл идеяларын іске асыру үшін, Александрдың командасы жыртқышты нөмірге пайдалану үшін арнайы рұқсат алулары керек. Продюсер Дробышаның айтуынша қазір олар швед тарапымен келісімге келу үшін мүмкін болғанның барлығын жасап жатырмыз дейді.

7412

“Саша сахнада жалаңаш әрі қасында қасқыр болады. Әр адам өзін өз санасында белгілі бір аңға теңейді ғой. Біз оны ойлағанмен де әрқайсымыз бірдей бетпе-бет келе бермеуіміз мүмкін. Біз осы адам мен табиғат арасындағы шекараны сезіндіргіміз келеді”, – дейді продюсер.

74123

Европалық букмекерлер бір аптадан бері сайыста You are the only one әнін шырқайтын ресейлік әнші Сергей Лазеревке басымдық беріп жатыр. Үздік бестікте Швеция, Хорватия, Мальта, Австралия елдері де бар. Ал, бұл белорусиялық әнші әзірге аутсайдерлер қатарында. Оған 43 мемлекет-қатысушының арасынан 40-шы болжамды орын бұйырып тұр.

Талқылау