Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белорусияда ағаш велосипедтер пайда бола бастады (видео)

Жақтауы қайыңнан жасалған екі дөңгелекті велосипедтер сатылымға шығарыла бастады. Мың долларға жуық қаражаты бар адамдар ерекше көлікті міне алады.

ea9ed8db1b41f8

Фото: @belwooddoors_by

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Есік өндірісімен айналысатын белорусиялық компания өз клиенттеріне ағаш велосипедтерге отырып көруді ұсынған. Өндірушілердің айтуынша, “бұл велосипедтер өте жеңіл, ыңғайлы, тұтынушылар оны оңай тебе алады” екен. Рөлдік трубасын, кареткасы мен басқа да бөліктерін жасау үшін болат қоспалар қосылған.

f3d28d740abfbd

Қайыңнан жасалған жақтауы бар велосипедтер 1000 доллар, шаған ағашынан жасалғандары 1200 доллардай тұрады. Бағасы тапсырыс берушінің өтінішіне байланысты. Ағаш жақтауларға бес жылдық кепілдік беріледі екен. Велосипедтің бар салмағы 21 келі.

Оқи отырыңыз:

Талқылау