Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белоруссия ұлттық валютасынан орыс тілін алып тастады

Шілденің 1-і күні Беларуссия ресми түрде ұлттық валюта бірліктеріне деноминация жасады. 2000-шы жылдары қолданысқа енгізілген Беларусияның ескі ақшасы енді айналымнан шығады. Оның орнына 4 нөлдік көрсеткіші қысқарған немесе сомасы іріленген жаңа беларусь ақшасы қолданысқа енгізіледі.

431497

Сурет i.obozrevatel.ua

Бұл туралы dw.com хабарлайды.

Белоруссия Ұлттық банкінің хабарлауынша, қолданысқа енген банкноттар 7 номинал бойынша қағаз және 8 номинал бойынша тиын болып бекітілді. Әрбір банкнотта Белорусия Республикасының облыстары бейнеленген екен. Мысалы, Брест, Витебск, Гомельск, Гродненск, Минск және Могилевск облыстары Ұлттық валютада керемет көрініс тапқан.

Белоруссия Республикасы қолданысқа енгізген ұлттық валютасының ең басты ерекшелігі – осыған дейін болғандай, орыс тілінде бірде-бір сөз жазылмаған. Осылайша Белорусия ресми валютасынан орыс тілін алып тастаған. Ал ескі ақша 2016 жылдың желтоқсан айына дейін қолданыстан толық шығарылмақ. Бұл Белорусия Республикасының 1991 жылы Егемендік алған уақытынан бергі үшінші рет жүргізіп отырған деноминациясы.

Деноминация (экономикада) – бұл қағаз ақшаның бағалы кағазға өзгеруі; көбінесе елдің ақша бірлігінің іріленуі және ескі қағаз ақша белгілерінің ақша қатынасын реттеу мақсатында жаңаға нақты сәйкестендіру бойынша ауыстыру.

Талқылау