Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгородта қожайынын бір жылдан бері күтіп жүрген мысық “Хатико” пайда болды

Белгородтағы Губкин көшесінің бойында отырған мысықты оңай байқауға болады. Үй жануарының бұл отырысына әбден көздері үйренген тұрғындар күн сайын онымен сәлемдесіп, мәпелеп, тіпті тамақ та береді.

заглавная16

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлады.

Мысық шынайы өмірде өз иесін күтіп, кейін тағдыры киноға айналған Хатиконы еске түсіреді. Онда да ит иесін өмір бойы күтіп өтетін еді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мысықтың иесі үйлерін сатып кетіп қалған. Өкінішке орай олар Хатиконы тек аялдамаға дейін ертіп апарып, тастап кете барған.

DXtbJjGcOOA-800x600

Ал мысық болса иесі тастап кеткен жерде тапжылмай отыр. Ол қожайыны бір күні қайта келіп, алып кетеді деп сенетіндей.

Pnl3IIC8i6o-800x600

Біреулер оны өз үйлеріне алып кетуге тырысса да, мысық еш қозғалмай қойған.

Талқылау