Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бельгиялық профессор клиникалық өлім кезіндегі көріністі сипаттады

Бельгиялық невролог Стивен Лоурейс жетекшілік ететін зерттеушілер тобы клиникалық өлім кезінде пайда болатын сәтті көрсетуге тырысты.

photo_190420

Бұл туралы Naked Science порталы хабарлайды.

Ғалымдар клиникалық өлімді бастан кешірген 400-ден астам адамға талдау жасаған. Алынған мәліметтер негізінде пайым жасалған: клиникалық өлім кезінде мидың “жүйкелік” екпінді өмірі бақыланады.

“Комада жатқан бізге өмірден тыс болып көрінетін адамдар, бай жүйке жүйесіндегі өмір сүріп жатуы мүмкін”, – дейді профессор.

Ғалымдардың айтуынша, клиникалық сәтті бастан кешіргендегі жағдайды ұзақ қашықтыққа шыққан альпинистер мен әуе лайнерінің ұшқыштары бетпе-бет келуі мүмкін екен. Тіпті кейбір ұшқыштар өздерін ұшақтан басқа жерде отырғандай сезінетінін айтқан.

Ғалымдар зерттеуді жалғастырып, тәжірибе жасап көргісі келеді. Олар 7 минут бойы демалмай тұра алатын француздық дайвер Гийома Неридің миын сканер көмегімен ажыратып, тыныс алу кідірген сәттегі оның жұмысына талдау жасамақшы.

Ал клиникалық өлім кезінде ғылым әлі толық түсіндіре алмайтын қызық құбылыс орын алады екен. Есін жиған адамдар өз денесімен “ұшып” жүретінін айтқан. Ал басқалары қайтыс болған туыстарымен сөйлескенін айтқан. Аталмыш құбылыстың бір атрибуты ретінде жап-жарық түстегі тунел сипатталады.

Талқылау