Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бельгиялық гей эвтаназияға рұқсат сұрады

Белгиялық гей психологиялық ауыртпалықтың салдарынан эвтаназияға рұқсат сұрап жатыр.

0

Себастьян (аты өзгертілген) 17 жылдан бері түрлі ем алып, психолог мамандарға қаралған. Десе де, бұдан еш нәтиже болмаған сыңайлы. Ол “Мен гей болғым келмейді!” дейді.

Себастьян эвтаназияны құп көрген. “Мен бұдан қорықпаймын. Маған дәрі тамызғыш (ішінде адам өлтіретін уы бар) қойған кезде, ол маған анестезия секілді әсер етеді. Мен үнемі өлім туралы ойлай беремін. Азаптан құтылу үшін өлгім келеді”, – дейді бельгиялық азамат.

Бельгияда ерікті түрде өзін өлтіруге рұқсат берілген. Бірақ науқастар өзінің психикалық деңгейде қатты қиналып жүргендерін дәлелдеуі тиіс. Себастьян бірінші дәрігерден қажетті анықтаманы алған.

Эвтаназия Бельгияға 2002 жылдан бері енгізілген. Мұндай процедураның саны жыл сайын өсіп келеді. 2013 жылға дейін 1807 адам эвтаназия жолымен қайтыс болған екен. Олардың көбісі айықпас ауруға шалдыққан қарт адамдар. Олардың 4 пайызы ғана психикалық қиындық көріп жатқандарын жеткізген.


Жіберіп алмаңыз:

Иранда гей имам бір жынысты ғашықтардың некесін жасырын қиып жүрген

Талқылау