Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бельгияда жарыс жолына моторлы велосипедпен шыққан қатысушы ұсталды

Халықаралық велосипедистер одағы (UCI) велокросстан өткен чемпионатта моторлы велосипед қолданған қатысушыны айыптауда. Чемпионат 23 жасқа дейінгілер арасында Бельгияда өткізілген болатын. N07edCIxHAU

Бұл туралы Русская Служба BBC хабарлайды.

UCI өкілдерінің хабарлауынша моторлы велосипед бельгиялық велошабандоз Фемке ван ден Дриссеге тиесілі екен. Жарыс ұйымдастырушылары бұл айыптаудың сайыста алғашқы үш орынды иеленген қатысушыларға кесірі тимейтінін айтуда.

Егер бельгиялықтың кінәсі дәлелденетін болса, онда велоспорт тарихындағы алғашқы «техникалық допинг» ретінде тарихта қалуы мүмкін.

Соңғы бірнеше жыл көлемінде чемпионатқа қатысатын велосипедтердің моторы ұдайы тексеріліп келеді. Егер, қатысушыны айыпты деп табатын болса, онда оны жарты жылға жарыстардан шеттетіп, 18 мың мен 180 мың евро аралығында айыппұл салатын болады.

Талқылау