Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бельгияда астрономдар жұлдыздар тобына Дэвид Боуидің есімін берді

 

 

Жақында ғана дүниеден өткен танымал музыкант Дэвид Боуидің есімін, бельгиялық астрономдар жеті жұлдыздан тұратын жұлдыздар тобына беріп отыр.

bowie700

Бұл туралы Rolling Stone хабарлайды.

Бұл жеті жұлдыз басқа шоқжұлдыздардың құрамына кіреді. Сондықтан астрономдардың шешімі ресми мәртебеге ие емес.

Егер, оларды біріктіре қалар болса, онда Боуидің 1973 жылғы Aladdin Sane альбомындағы найзағай бейнесі пайда болады екен.

Дэвид Боуи 1969 жылы жарыққа шыққан Space Oddity әнімен кең танылды. Жалпы, 1970-ші жылдары ешкімге ұқсамайтын өзгеше әндерімен көпшілік ықыласына бөлене алды. 1975 жылы Джон Леннонмен бірлесіп жазған шығармасымен АҚШ-та ірі жетістікке жетті.

Аты аңызға айналған музыкант Дэвид Боуи, обыр дертіне шалдыққанына қарамастан, тағы бір альбом жазуға дайындалған еді.

Бұған дейін, даңқты британдық музыканттың танымал әндерін де жариялаған едік.

Талқылау