Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгісіз ер адам Ертіс өзеніндегі мұз үстінде секіріп, сосын шомылды (видео)

Ішкиіміне дейін шешінген ер адам Павлодардағы Ертіс өзені үстіндегі мұзда сырғанады.

Безымянный

Бұл туралы “Типичный Павлодар” паблигінде жариялады.

“Павлодарда мұз еріп жатыр” деп аталатын видео, онда ер адамның сырғанап жүргені бүгін желілерде жария болды. Видеода оның өзенге барып, бір мұздан екіншісіне қалай секіргені анық көрінеді. Сосын ер адам бірдеңе деп айқайлайды.

“Ағамыз шомылу маусымын ашып берді! Павлодарда мұз еріп жатыр”, – дейді видео авторы әзілдеп. Видеода ер адамды қолдап айқайлаған басқа да адамдардың дауыстары естіледі. Алайда желі қолданушылары мен мамандар ер адамның бұл әрекетін сынға алды.

“Бұл нағыз тәртіпсіздік. Қазір өзенде мұз еріп, қатты ағын жүріп жатыр, ал бұл табиғи қауіпті құбылыс. Бұл жағдай бізді алаңдатады. Ал бұл адам өз өмірін қатерге тігіп жүр”, – деді облыстық ТЖД жедел-құтқару отрядының басшысы Владимир Власов.

Оқи отырыңыз:

Әйел: Мешіт алдында қайыр сұрауға намыстанамын. Бірақ амалым жоқ

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)

Қостанай тұрғыны сатып алған балық ішінен үшкөзді құбыжық тауып алды (фото)

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болды

Талқылау