Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгісіз біреулер Динара Сәтжанның Instagram парақшасын өшіріп тастады

Белгісіз біреулер Динара Сәтжанның инстаграм парақшасына шабуыл жасады. Олар тележүргізушінің парақшасын иемденгендерімен қоймай, оны желіден өшіріп тастаған.

здщлш

Фото: facebook.com/dinara.satzhan

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Инстаграм парақшасына шабуыл жасалғандығы туралы Динара Сәтжанның өзі фейсбук парақшасында жазды. Тележүргізуші көңіл-күйінің ойдағыдай еместігін жеткізді. Ал желі қолданушылары өз кезектерінде оған қолдау көрсетуге тырысты. Арасында әзілдеп жатқандар да болды.

“Адамдардың ішінің тарлығына қайран қаламын. Оларға сонша не болды”, “Құнды альбомды жоғалтып алдым деп ойлай берсең болады. Қайран естеліктер мен суреттер! Қайғыңа ортақпын, Динара”, “Мен сізді бүгін инстаграм парақшасына жаңадан тіркелді дегенді естіп, түсінбей қалып едім. Жағдай осылай болып жатыр екен ғой”, “Қорқынышты! Сөзім жоқ! 20 таңбадан құралған мықты құпия сөз ойлап тапқаныңыз дұрыс” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қаққан жігіт: Ол әділ жазасын алсын

Беделхан “Ninety one” тобының концертіне қарсы шыққандарды тілдесуге шақырды

Отандық продюсер Түсіпбаеваның ТВ-ға жолын жауып тастайтынын айтып қорқытқан

Ақан Сатаев өзінің фильміне туған қызын түсірді

Талқылау