Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгісіз біреу Алматы зообағындағы жануарларды өлтірмекші болған

Алматы зообағында жануарларды тышқанға берілетін у арқылы өлтірмекші болған. Улы зат қалалық бір тұрғынның сөмкесінен табылған. Қазір зообақ қызметкерлері мен полицейлер әлгі адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

ывывывыв

Сурет total.kz

Бұл әрекет өткен жексенбі күні орын алған. Алайда арада бір апта өткен соң ғана белгілі болып отыр. Орамжапырақ және сәбіз салынған қалташадан күзетшілер у тауып алған. Қазір қылмыскерді бейне бақылау камерасы арқылы анықтау жүргізіліп жатыр.

Қызметкерлердің айтуынша, қалың нөпір адамның арасынан дәл сол адамды анықтау қиынға соғып жатыр екен. Бір қызығы, жануарларды өлтірмекші болған бұл бірінші жағдай емес екен. Осыған дейін бір тұрғын ішіне ине тығылған алманы жануарларға алып келген.

“Мен қала тұрғындары мен қонақтардан жануарларға ешқандай тамақ әкелмеуді сұраймын. Біз де тамақтандыру жүйесі жақсы қалыптасқан, өзіміз-ақ қамтамасыз ете аламыз”, – дейді Алматы зообағының қауіпсіздік басқармасының басшысы Рустам Иминов.

Талқылау