Белгісіз біреу «Аллаһу Акбар» деп айқайлап, тұрғындардың зәресін алған

Жұма, 25 Қараша , 2016 22:31

Ақтөбе облысындағы Шалқар аудандық әкімдік ғимараты алдында белгісіз біреу «Аллаһу Акбар» деп айқайлап, қолындағы таяғымен ғимарат алдындағы шамдарды сындырған. Әкімдік қызметкерлері мен тұрғындардың зәресін алған азаматтың бұл іске не үшін барғандығы әзірге белгісіз.

аллах2511

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бейнежазбада «Аллаху Акбар» деп айқайлап жүген ашулы азамат көшедегі адамдар мен көліктерге ұмтылып, одан қалды қолындағы таяғымен әкімшілік алдында тұрған шамдарды сындырып жүр. Бірақ видеодан қоғамдық тәртіпті бұзған адамды тоқтатуға әкімшілік қызметкерлері де, күзетшілері де шықпағанын аңғаруға болады. Бұдан бұрын да елге экс-әкімі «Шалқарда бәрі чики-чики» деп танылған аудан жұрты жаңа әкім келгелі тұрғындар тарапынан осы іспетті көріністер жиілеп бара жатқанын айтады. Ал видео салынған әлеуметтік желідегі ақтөбеліктердің пікірлері халықты осындай күйге жеткізген биліктің өзі кінәлі дейді. Ал Шалқар ауданының басшылығы бұл жағдай туралы  білмейтін болып шықты. Ал әкімдік ғимараты алдының тас-талқанын шығарғанын көре тұра шықпаған қызметкерлер мен күзетшілер, есесіне келтірілген шығынды 80 мың теңге деп санап қойыпты.

«Сол аудан акиматы алдына келіп, машинамен кабинасында екі кішкентай баласы бар дейді. Мен оны анықтаңдар дегенмін. Тоқ етері милицияның айтқаны қазір ұсақ бұзақылық туралы әкімшілік іс қозғап, сотқа беріп жатырмыз деді. Біздің күзетшілер ешкім шықпаған. Ешқандай талап ештеңе қоймаған. Өзі жұмыс істейтін жігіт дейді. Мен сосын құқық қорғаушылар келіп алып кетті деген соң ондай мән бере қойған жоқпын», – дейді Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Елемес Шотанов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
6 күні 6 сағат кері

құқық қорғау органдары шешімін табады деп ойлаймын, атың шықпаса жер өртте демекші, бұл мүмкін халықты әдейі дүрліктірмекші болған біреу шығар… атын шығарайын деп…….

Мирлан
6 күні 6 сағат кері

Аталған мәселе жөнінде құзырлы органдар тексеріс жүргізетін болар.

Ерлан
6 күні 6 сағат кері

заң талабымен қудалануы тиіс. бүлік шығарушыларға жол бермеуіміз керек. осындайлардан басталады бәрі…

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар