Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгісіз азамат Ерке Есмаханға 303 раушан гүлін сыйлады

Елдің ерке қызына айналған әнші Ерке Есмахан бүгін меншікті мерекесін атап өтуде. Хит әндерімен халықтың жүрегінен жаулаған әнші 32 жасқа қадам басты, деп жазады Stan.kz.

Белгісіз азамат Ерке Есмаханға 303 раушан гүлін сыйлады

Жақындары мен жанкүйерлері Еркені түнгі сағат 12-ден бастап құттықтауда. Олар әншінің үйін неше түрлі гүлге толтырған. Ал есімі белгісіз бір азамат Еркеге 303 қызыл түсті раушан гүлін сыйлаған. Бұл туралы Еркенің өзі Insta-Stories-те айтып берді.

“Туған күн басталып кетті. 303 рет рахмет саған”, – деп алғысын білдірді Ерке өзіне гүл сыйлаған азаматқа.

Белгісіз азамат Ерке Есмаханға 303 раушан гүлін сыйлады
Бұдан кейін үйіне келген әнші гүлге толы бөлмесін көріп, әсерімен бөлісті.

“Үйге келсем мені “такая красота ждет”. Мына жерде неше тал? Жаңағы 303 гүлді әрең ваннаға жатқызып қойдық. Тағы 2 метрлік мына гүл. Рахмет”, – деп ризашылығын білдірді Ерке.

Белгісіз азамат Ерке Есмаханға 303 раушан гүлін сыйлады

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау