Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі журналист Құрманбек Жұмағали «Қазақ радиоларының» басшылығына келді

«Қазақ радиолары» ЖШС-ға жаңа бас директор тағайындалды. Аталған қызметке белгілі журналист Құрманбек Жұмағали келді.

Құрманбек Жұмағали

Бұл туралы «Қазақ радиоларының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Құрманбек Жұмағалиұлы Жұмағали 1985 жылы дүниеге келген. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін 2008 жылы журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» Ұлттық телерадиокомпаниясы редакторлық бөлімінің штаттан тыс редакторы болып бастаған. Кейін 2007-2013 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық бағдарламалар Дирекциясының продюсері, «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі болды. Ал 2013-2014 жылдары Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, 2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі болды.

2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ аймақтық дамыту Дирекциясының директоры, 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры ҚҚ директоры, 2017 жылы «Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Ал 2017 жылдың мамыр айынан бастап Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау