Белгілі жазушы Рахымжан Отарбаев дүниеден озды

Белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаев дүние салды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақын Бауыржан Қарағазұлы Facebook желісіндегі парақшасында жазушының қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды жеткізді.

«Қайран Ағам-ай! Өткінші дүние-ай! Рахымжан Отарбаев дүниеден өтіпті! Сене алмай отырмын! Төбемнен жай түскендей болып отырмын! Иманы саламат болсын, қайтейін…», – деп жазды Бауыржан Қарағазұлы.

“Рахымжан Отарбаев?!
Дүниеден өтті дегенге сене алмай отырмын.
Қандай азамат…
Алғаш көргенімде Жұмекен аға екеумізді өзі таныстырып: “Жастарың қатар, бірге жүріңдер. Рахымжан інім елден, Атыраудан енді келді, сен бұған бас-көз боп жүр” деп тапсырып, батасын беріп еді…
Бас-көз бола алмадым…
Ноқта киіп көрмеген асауға қалай ие боларсың!?
Мен оған “Қабырғасы қарағайдай қаба жалды қара айғыр” деген ат қойған едім. Жолыққанда осы теңеуімді қысқа қайырсам: “Сен менің титулдарымды түгелдеп, толығымен айт!” деп, ақсия күліп, қобыраған шашын жоғарыға бір сілкіп қоятын.
Қайта тумас қазақ, қайталанбас қаламгер ғой. Неткен өкінішті…
Бақұл бол, бауырым!”, – деп жазады жазушы Ұлықбек Есдәулет желідегі парақшасында. 

“Қол жинағыш тобырға қосылмай, бір өзі жер қайыстырар бүтін бір қол болып жүретін Рахымжан аға Отарбаев, бақұл болыңыз”, – дейді Жанарбек Әшімжан.

Рахымжан Отарбаев 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 1977 жылы Орал педагогика институтын бітірген

Әр жылдарда «Орал өңірі» газетінде тілші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ телерадио комитетіне редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі болған. Қырғызстанда Қазақстан елшілігінің атташесі қызметін атқарды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық радио-телевидение компаниясының төрағасы, Атырау облыстық драма театрының директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі, Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың Бас директоры, Атырау облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі және тағы басқа лауазымды қызметтерде болды.

Жазушының әр жылдары «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда», «Дауысыңды естідім», «Отверженный мир» атты прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрген. Қытайдың «Ұлттар» баспасынан қытай, қазақ тілінде 2 томдығы, Ресейдің «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде бір томдығы және қырғыз тілінде кітаптары жарық көрген. Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде басылған. «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Нүржауған-ғұмыр», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған.

Оқи отырыңыз:

Рахымжан Отарбаев: Мұхтар Мағауин – нашар жазушы

Атырауда әйелі мен баласын перзентханадан шығарып алмақ болған ер адам шоу ұйымдастырды (видео)

Атырауда «Аналар үйіндегі» әйел өз көршісін ұрып тастаған

Тойда арнайы жасақ мейрамханаға басып кіріп, қонақтарды «тұтқындаған» видео желіде тарап кетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар