Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі заңгер Абзал Құспан 3 жасар қызынан айырылды

Белгілі қазақстандық заңгер Абзал Құспан 3 жасар қызынан айырылды. Бүлдіршін отадан соң оңала алмай көз жұмды.

Тележүргізуші Сәуле Әбединова қазаға көңіл айтты.

“Ей, Құдай…
Сенен не тілеп, не сұрарымды да білмей қалдым ғой…
Саған сенерімді де, сенбесімді де білмей қалдым ғой…
Осыншама әділетсіздігіңнен бе…
әлде осы ма сенің әділеттілігің???

Мен өзімді “Құдай баламның да, менің де екінші дүниемізді көбірек ойлап, о дүниемізді қамдағаны шығар” деп жұбатқам…
Солай, Әбеке…
Ол біздің о дүниемізді көбірек ойлапты…
Айғанай о дүниелік періштең – сендердің алдарыңнан шығу үшін кетті…

Қайтейін…
Жұбатпаймын…
Жыла… шеріңді төк…
Ішіңде күйік қалмасын… ақтарып таста…

Үлбіреген ақ үрпек балапаным… қош бол…”, – деп жазды тележүргізуші желіде.

“Абзал ағамыз періштесінен айырылды. Қазаны естіп, қағырып отырмыз. Сәуле апай бұғандейін Айғанымға ота жасалғанын, сәтті болғанын айтқан еді. Енді көз жұмғаны естіп, есеңгіреп қалдық. Абзл аға мен Сәуле жеңгейге қайырлы болсы айтам. Халық болып Айғанымның саулығын тілеп едік. Енді басқа балаларыңыз аман болсын. Мойымаңыздар, қиындықты жеңуге тиіссіздер”, – деп жазды желіде журналист Арман Әубәкір.

Желі қолданушылары қазаға көңіл айтып жатты.

“Арты қайырлы болсын! Періште болып ұшып кетті тәңірдің қалауымен! Бекем болыңыз!”, “Апыр-ай, болмапты-ау ақыры. Қазаның арты қайырлы болсын”, “Періштенің иманы жолдас болсын!”, – деп жазды олар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау