Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан ұлды болды

Белгілі тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан әке атанды. Тележұлдыздың отбасында атұстар өмірге келді, деп жазады Stan.kz.

Белгілі тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан ұлды болды

Дүниеге келген нәресте былтырғы жылы шаңырақ көтерген Нұрсұлтанның алғашқы перзенті.

“Жаңағы келген хабар ғой. Әке атаныппын. Атұстарым келді дүниеге. Перзент берген Жаратқанға шүкір. Ұл сыйлаған келіншегіме рақмет. Енді ресми түрде құттықтай берулеріңізге болады”, – деп қуанышымен бөлісті Нұрсұлтан желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Есжан 2017 жылы Бибігүл есімді арумен шаңырақ көтерген болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау