Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саясаттанушы Қазақстанда президент сайлауы қашан өтуі мүмкін екенін айтты

Қазақстанда келесі президент сайлауы қашан өтетіні әлі де белгісіз қалып отыр. Саясаттанушы Талғат Қалиев Telegram арнасында елімізде сайлау қашан өтетініне қатысты болжамын айтты, деп жазады Stan.kz.

Белгілі саясаттанушы Қазақстанда президент сайлауы қашан өтуі мүмкін екенін айтты

Саясаттанушының сөзінше, заңға сәйкес сайлау 2020 жылдың желтоқсан айында өтуі тиіс еді. Алайда президенттің құзіреттілігі келесі жылдың сәуір айында тоқтатылады. Яғни, мұндай жағдайда, мемлекет 8 ай көлемінде президентсіз қалады. 

«Осы позициядан қарағанда, сайлау 2019 жылдың желтоқсан айында өтуі мүмкін деуге болады. Бұл логикаға сай. Себебі жоғарыда айтылған жағдайға жол бермеуге мүмкіндік береді. Алайда ол үшін кезектен тыс президент сайлауы өтетіні хабарлануы тиіс. Бірақ, егер сайлау кез келген жағдайда кезектен тыс өтетін болса, мұндай жағдайда желтоқсан айын күтудің еш қажеттілігі жоқ. Кезектен тыс президент сайлауы туралы хабарлау сияқты қадамға баруға дайын болған жағдайда, оны ертерек өткізіп, осылайша белгісіздік кезеңін қысқарту туралы топшылау ақылға сыйымды», - дейді Қалиев. 

Сонымен қатар саясаттанушы президент сайлауы өтетін нақты уақытта болжады. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджет қызметкерлерінің жалақсыны биылғы жылдың шілде айынан емес, маусымынан бастап көтеру туралы тапсырмасы лайықсыз түрде ескерілмей қалды. Аталған жағдайдың бір айға жылжуы, көрсеткіштерді қайта есептеу, қосымша қаржы бөлу тұрғысынан алғанда, бюджет пен қаржы қызметтеріне белгілі бір күш түсіреді. ...Демек сайлау биылғы жылдың маусым айында, астана күнін мерекелеуге дейін өтеді деп топшылауға барлық негіз бар. Конституция бойынша кезектен тыс сайлау жарияланғаннан кейін екі айдан соң өтетінін ескергенде, бұл туралы жақын уақытта хабарланады деп болжауға болады», - дейді Қалиев. 

Айта кетсек, бұған дейін саясаттанушы Досым Сәтпаев келесі президент кім болуы мүмкін екенін айтқан еді. 

Талқылау