Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаттанушы: Біз жалақы мен халықтың жағдайы жағынан төңкеріс алдында тұрмыз

Сенат депутаты  Мұрат Бақтиярұлы Қазақстандағы күнкөріс мөлшерін көтеру туралы үкімет отырысында айтқан еді. Көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін тілге тиек еткен депутаттың бұл ұсынысын жүзеге асыруға Қазақстанның қазіргі әлеуеті жете ме? Сенатордың ұсынысына белгілі саясаттанушы Дос Көшім өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ең төменгі күн көріс

Кезекті Үкімет отырысында Сенет депутаты:«көпбалалы болу отбасын кедейлікке әкелмеуі керек. Берік отбасы мемлекетіміздің басты құндылығына айналу керек»,- деп айтқаны еді. Сондай-ақ көрші елдердегі ең төменгі күнкөріс деңгейін атап өтіп, Қазақстандағы күнкөріс деңгейін осындай дәрежеге жеткізу керек деп отыр. Мысалы «Ресейде 64 866, Беларусияда 38 417, Арменияда 43 455 тг. Ал Қазақстанда небәрі  29 698 тг ғана деп қадап айтқан еді. Сөз соңында: "елдегі кедейлердің саны қандай? Кедейлікті өлшеу тетігі қайсы? Ең төменгі күнкөріс деңгейі қазіргі нарықтық жағдайларға сәйкес келе ме? Оны есептеу механизмі қаншалықты дұрыс? ", -деп салмақты сауалдар айтып еді. Осы сұрақтарды саясаткер Дос Көшім мырзаға қойғанда былай деп ағынан жарлыды. 

«Халықтың бір тобы кедей,  бір тобы асқан бай болса, онда мемлекеттің міндеті сол екеуінің арасын теңестіруге бағытталған іс-шаралар қолдану. Бәріміз бір шаңырақтың астындамыз. Үйдің қожайыны өзіне миллиондаған ақшаға көлік алмайды, егер оның балаларының мектепке киетін аяқ киімі болмаса. Одан да балаларыма аяқ киім алып,  өзіме мотоцикл алайын деп ойлайды. Мемлекетке келгенде де дәл осындай болу керек. Жалақының ең жоғарғы деңгейі мен ең төменгі деңгейі 8 есе болса, онда ол революциялық жағдайдың алды болады. Өйткені, ол-теңсіздік: асқан бай мен асқан кедей. Ал енді біздегі депутаттардың алатыны қарапайым халықтан  20 есе көп. Бұл революцияның өзі дегені. Қысқасы, менің айтайын дегенім: біз өзіміздің көрпемізге қарай көсілуіміз керек. Астанадағы болған жағдайдан кейін той,  үлкен салтанатты сарай салдырту, басқа депуттарға мавзолей салдырту дегенді жинап қою керек.

Тағы айтатыным, қанша ақша,қайда бөлінсе де  әділетті бөлініс  болу керек. Бұл теңдік бөлініс болу керек. Қарапайым тілмен айтқанда кедейлерге көбірек, байларға азырақ бөлінеді. Міне, әлеуметік мемлекет дегеніміз осы. Еуропадағы социалды мемлекеттер  осыны ұстанады. Ең төменгі деңгейдегі күнкөріс мөлшерін орта деңгейге жеткізу.  Бізде осы саясат жоқ.

Мен әлі күнге дейін түсінбеймін: депутаттар неліктен 900 мың алады, ұстаздар мен медиктер 100 мыңнан аспайды?  Осыны маған ешкім түсіндіріп бере алмайды. Тағы бір айтарым,түрлі әлеуметтік деңгейде барлық жағдайды қамтуымыз керек. Ол көпбалалы, жетім немесе оралмандар болуы мүмкін. Барлығына жағдай жасауымз керек".


Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр