Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі саясаткер Болат Әбіловтың әйелі қайтыс болды

Белгілі саясаткер, бизнесмен Болат Әбіловтың әйелі Айгүл Әбілова ауыр науқастан көз жұмды.

5454

Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде хабарлануда. Әбіловтың желідегі парақшасына оның достары мен белгілі тұлғалар көңіл айту хабарламаларын қалдыруда.

“Қадірлі Болат! Мұндай қиын күнде саған ештеңе жұбаныш бола алмасы белгілі. Сен өзіңнің екінші жартыңды жоғалттың. Бекем бол! Сені мен Айгүлдей әділетті, аяулы жандарды білетін адамдардың барлығы бүгін сенімен бірге!” – деп жазды достарының бірі Әміржан Қосанов.

“Қайран, Айгүл!
Талай дәм-тұздас болған, жан-жүрегі жұп-жұмсақ тамаша адам еді. Биылғы жаздың басында жүрегі қанжылап, Болат айтқан еді: ем-дом дәру болады деген біраз жерге апардым деп. Ақыры болмаған екен… Бүгін Айгүлдің сүйегі Цюрихтен (Швейцария) өзінің мәңгілік мекені – Алматысына жеткізілді…
Ажалға амал нешік? Артында қалғандарға қайыр-берекесін берсін! Болат досыма қайғырып көңіл айтам: тас-түйін жігіт едің, берік бол!”, – деп жазады тағы бір танымал саясаткер, қаламгер Ермұрат Бапи.

Талқылау