Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі опа-далаптардан жануар қалдықтары табылды

Лос-Анджелестің полиция қызметкерлері косметика дүкендерінде құрамында жануарлардың биологиялық қалдықтары бар жалған опа-далаптарды тәркіледі.

Опа-далаптан жануарлардың қалдықтары табылды

Бұл туралы CNN хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Опа-далап сататын 21 сауда нүктелерінен 700 мың долларлық косметикалық өнімдер тәркіленді.

«Гаражда немесе жуынатын бөлмеде жасалған косметикалық өнімдерге нәжіс қосылған», – дейді полиция қызметкері Марк Рейна.

Лос-Анджелестің сәнді аудандарынан сатып алынған косметиканы қолданған пайдаланушылардың терісі бөртіп, қыши бастаған. Осы сияқты шағымдардың саны күннен күнге арта бастаған соң, косметикалық өнімдерді тексеру бойынша сараптама жұмыстары жүргізілген.

Тексеру кезінде Кайли Дженнердің Kyle Cosmetics модельдік фирмасының заңсыз айналымға түскен брендтердің бірі екені анықталды. Оның әпкесі Ким Кардашян өзінің твиттердегі парақшасында жалған опа-далаптан сақтанып жүрулерін ескертті.

Сондай-ақ, тәркіленген косметикалардың ішінде Urban Decay, MAC және NARS фирмаларының жалған өнімдері де болды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, алты дүкеннің иелері қамауға алынып, ал қалғандарына сот шешімі бойынша сауда-саттық жүргізуге тыйым салынды.

 

Оқи отырыңыз:

Блогер сұхбат кезінде «Человек паук» фильмінде басты рөлді сомдаған актердің аяқ киімін жалауға тырысты

Қуаттағыштың сымымен ұрған: 20 жастағы жігіт төрт жасар өгей қызын қатыгездікпен азаптаған

Заңсыз салынған үйін бұзуға наразылық білдірген әке 6 айлық қызын шатырдың төбесінен тастап жіберді

Танымал адвокат қоршаған ортаны ластауға қарсылық ретінде өзін өртеп жіберді

 

Талқылау