Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі көріпкел Бақыт Жұматова алаяқтық бойынша айыпталуда

Бақыт Жұматова өзінің емдеу кәсібін жүргізу үшін танысынан 20 мың АҚШ долларын қарызға алған. Сәуегейдің алған ақшасын қайтармғаны үшін оның атынан емделушісі шағым түсірген.

image114594

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Көріпкел қартаюға, бірнеше ауыр қант диабеті, бедеулік, қатерлі ісік дерттеріне шипа болатын Элексир атты ем түрін ойлап шығарған. Осы кәсібін аяққа тұрғызу мақсатында көріпкел танысынан 20 мың АҚШ долларын қарызға алған. Қаржылай қиындықтардың кесірінен, айтқан уақытында ақшаны қайтармаған Жұматованың үстінен клиенті шағым түсірген.

Сәуегей «Экстрасенстер сайысында» үшінші орын алып танымал болған еді. Сәуегей Бақыт Жұматова 10 айдан бері қасиетті дарынын дұрыс қолдана алмай келе жатқанын айтады. Сондықтан ол Гудани шоуында жеңіліп қалған екен. Оның бәріне полицейлермен болған келеңіздіктерді кінәлі санайды.

«Дәрілерді ішуге болмайды. Витаминдер онколгиялық аурулардың тууына себепші болады. Бұл шындық. Маған осындай ақпараттар келіп түседі», – дейді Жұматова.

Бақыт Жұматованың үстінен 5 қылмыстық іс қозғалған еді. Оның төртеуі жабылған. Оның қорғаушысы сәуегейдің әрекеттері қылмыстық емес, азаматтық кодекстерге жататынын айтады.

«Ол суға энерия беріп, еміне шипа болу үшін осы кісіге сатқан. Ол сәуегейдің осылай істеуін өзі сұраған», – дейді сәуегейді қорғаушысы Қазбек Сағадиев.

Бақыт Жұматованың ісі алаяқтық па жоқ па, оны тереу ісі арқылы анықтайтын болады. Бірақ, сәуегейлік мүмкіндіктерге ақша жұмсап, денсаулығын сеніп тапсыруы адамдардың өз жауапкершілігіне жүктеледі.

Талқылау