Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі қазақстандық жастар әлеуметтік желілерде үйлену тойларының флешмобын іске қосты (фото)

Қазақстандық жұлдыздар мен блогерлер Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде әдеттегіден өзгеше флешмобқа қолдау көрсетіп, өздерінің үйлену тойларының фотосуреттерін жариялады және эстафетаны басқаларға берді.

20160226001359

«Менің үйлену тойым Таиландта Нака аралында өтті. Оған ата-аналарымыз бен ең жақын достарымыз ғана қатысты. Мен көп адам қатысатын үйлену тойларын жақтырмаймын және оларға сирек барамын. Зайыбым Мәдинаның мұны қолдағанына ризамын», – деп әңгімеледі Әлішер Елікбаев.

Блогер үйлену тойының суреттерімен бөлісуді де ұнатпайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ эстафета Алматыда 13 наурызда өтетін Bridal Fair үйлену тойлары көрмесі ауқымында өткізіліп жатқанын атап өтті. Әлішер Елікбаев эстафетаны актер Санжар Мәдиев пен блогер Исканжер Салиходжаевқа берді.

Айтпақшы, Елікбаевтың өзі эстафетаны Қазақстандық телерадио таратушылар қауымдастығының президенті, салтанатты автомобильдер иелерінің қазақстандық клубының негізін қалаушы Бейбіт Әлібековтен алыпты. Искандер Салиходжаев та эстафетаны қолдап, өзінің неке қию рәсімінен түсірілген фотосуреттерімен бөлісті.

«Мен алғашқылардың бірі болып, некені тіркеуде электронды өтінішті пайдаландым. Мен Астанада тіркелгенмін, ал қалыңдығым Таразда тіркелген. Біз әр қалада тұрамыз. Біз өзімізге электронды сандық қолтаңбаны ашқанбыз, мен оған хат жолдап, маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасадым және egov арқылы бланк нысанын толтырып, жібердім. Оған:күйеуіңіздің тегін аласыз ба, неке қиюды қай қалада тіркегіңіз келеді, қандай рәсімді (қарапайым немесе салтанатты) қалайсыз?», – деген мазмұнда хат барған. Біз үйлену тойымызды Таразда өткізіп, Астанадағы Иманов көшесіндегі азаматтық хал актілерін тіркеу бюросына бардық», – деп әңгімеледі И.Салиходжаев.

Эстафетаны белгілі шоумен Дәуіт Шайхыисламов, Марат Омаров және басқа да танымал жұлдыздар алды.

20160226001404

20160226001408

20160226001413

Талқылау