Белгілі қазақстандық тележүргізуші дүркіретіп той жасап, қызын ұзатты (фото)

Дүйсенбі, 29 Тамыз , 2016 12:21

Салтанат Қалиева қызы Айдананы ұзатып, қуанышын бөлісуге барша достарын шақырды. Мұнымен қатар, желі қолданушыларына қызының өгей еместігін айтып, алып-қашпа сөз таратпауға кеңес берді.

13649259_1709713752625905_1963230082_n

Фото: instagram.com/kaliyeva_saltanat/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Танымал тележүргізуші бірнеше күн бұрын қызын ұзатып, қуанышын бөлісуге барша достарын шақырды. Олардың қатарында ресейлік әнші Иракли, Айқын сынды жұлдыздар болды. Мұнымен қатар, асабалық міндет актер Әділжан Шомбаловқа жүктелген-ді. Әнші Иракли жігіт жақтан келсе керек. Ол қалыңдықтың анасы Салтанат Қалиева екенін білген кезде қатты таң қалған екен.

“Ираклиге мені қалыңдықтың анасы деп таныстырған ыңғайысыз сәт. Кей оқырманға Айдананың өзімнің туған қызым екенін айтқым келеді. Ол – менің қызым, оны өзім дүниеге әкеліп, өзім бағып-қақтым. Ол ешқандай да өгей қызым емес, ойдан ешнәрсе шығармаңыздар”, – дейді ол.

1

14033647_1072807966129886_1055197295_n

Тележүргізушінің қуанышын бөлісуге желі қолданушылары да асықты. Олар ақ тілектерін жаудырып қана қоймай, кино түсіріп жатқан Қалиеваның еңбекқорлығына қайран қалды.

“Жүректі тебірентеді екен. Алла бақытты қылсын екі жасты!”, “Қызыңыз тұрмыс құрып, өрісіңіз кеңейіп жатыр. Қыз қонақ демекші, барған жеріне тастай батып, судай сіңіп кетсін. Бастысы екі жас бақытты болсын. Алла қаласа бізге де жұғысты болсын”, “Салтанат, Айдана бақытты болсын! Тәп-тәтті немере сүйіңіздер” дейді желі қолданушылары.

14033593_634230866754615_967441369_n

14099324_189416544804937_1437846024_n

Тележүргізуші де өз кезегінде алғыс айтты. “Жасыратыны жоқ, жүрек сыздады. Енемнің баласы қызын құшақтап, бірдеңе сыбырлап, жылаған кезде… Барша тілектес оқырман қауымға бас иіп, рахмет айтамыз! Той жұғысты болсын сіздерге. Әумин!” – дейді ол.

Айтакетсек, Қалиева мен Қожахметов  қызылордалықтармен құдаласты. Тележүргізушінің күйеуі әрі 31 арнаның директоры Бағдат Қожахметов  бұған дейін  құдалыққа барып, ондағы ерекше етке таң қалған еді. Әрі бас құда  ет нанының орнына  тұшпара салынған тағамды суретке  түсіріп, желідегі парақшасына да жүктеген еді.

Бүгінде Салтанат Қалиева “BasDalaGroup” шығармашылық бірлестігінің жетекшісі.  Басты рөлде танымал қазақстандық жұлдыздар ойнайтын “Көзайым” атты телехикая түсіріп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Нұрлан Еспанов қызы Айгерімді ұзатты (фото, видео)

МС Сайлаубектің шаңырақ көтергені жалған болып шықты

Әділбек Ниязымбетов екі айдан соң шаңырақ көтермек

Танымал КВН ойыншысы Еркебұлан Мырзабек шаңырақ көтерді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар